"Love Story түсіруді ойламаппыз": Нұрболат Абдуллин әйелін бейнебаянына түсірді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Әнші Нұрболат Абдуллин тыңдармандарымен тың жаңалығымен қуантты. Өнер иесі алғаш рет бейнебаянына әйелін түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз кезінде Love story түсіруді ойламаппыз. "Махаббат аспаны", YouTube арнамнан көрсеңіздер болады", - деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram желісіндегі парақшасында.
Ал желі қолданушылары әнші мен жұбайының жарасымдылығына сүйсініп, жарыса пікір жазды.
"Әйеліңіз әп-әдемі", "Керемет", "Осыған дейінгі клиптерге де түскенде, күшті болар еді", "Жұптарың жазылмасын", "Жарасып тұрсыздар", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Бақытты болыңыздар", - деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин мен әйелі бүгінгі таңда үш қыз тәрбиелеп отыр. Әншінің кенжесі былтыр сәуір айында дүние есігін ашты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063394-love-story-turaly-oilamappyz-aielin-beinebayanga-tusirgen-nurbolat-abdullin-kopsilikti-suisintti-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.