Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрлыққа түсейік": Нұрболхан Шарапов ұятқа қалған кезін еске алды

Опубликовано:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов. Видеодан кадр: Данияр Бекжанның бағдарламасы

Қазақстандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов ұятқа қалған кезін еске алды. Өнер иесі Данияр Бекжанға берген сұхбатында мектеп буфетіне ұрлыққа түскенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"7-8 сынып оқитын кезде мектептің буфетінде торттың бір бөлігін 10-15 теңгеден сататын. Біздің үй мектепке жақын тұрдық. Буфет үйге тиіп тұратын. Күндіз мектепке барғанда 10 теңгеден сол тортты сатып аламыз. Сабақ бойы сол тәттіні аңсап отыратынбыз. Бір күні туған ағам екеуміз "ұрлыққа түсейік" дейміз ғой. Ағам менен 1,5 жас үлкен. Сөйтіп түнгі сағат 11-12-нің кезінде буфеттің құлпын сыммен ашамыз ғой. Ол есікті бұзсаң, қайта аша алмайсың.

Сатушы тортты пісіріп әкеп, кешке буфетке қойып кетеді. Есігінің алдында стол бар. Сол жерде шоколадтардың алдына тортты қояды. Ұрлыққа түсеміз. Түнде екі бүтін тортты жейміз. Сөйтіп есікті құлыптаймыз да, шығып кетеміз. Екінші күні айналадағы адамдардың реакциясын байқаймыз. "Ұры түсті" деген шу бар. Кім екенін ешкім білмей қалды дейміз де, екінші күні тағы ұрлыққа түсеміз. Есікті ашып, енді торт жейін деп жатсақ, буфетте біреу отыр ғой. Сол жерде айқау-шу басталып, үйге барып анама айтады. Шағын ғана ауыл болғасын, дыбысыңды шығармау керек. Бәрі естиді, масқара болатын", - деді Нұрболхан Шарапов.

Сонымен қатар әзілкеш осы жағдайдан кейін анасының екеуін ұрып-ұрып, буфетшінің үйіне апарып тастағанын айтты.

"Буфеттің бастығы - менің сынып жетекшім. Сонымен анам ұрып-ұрып, сол апайдың үйіне апарып тастады. Ұстазымның есімі - Жариякүл. Біз тізерлеп отырып, кешірім сұрадық. Бұл оқиғаны менің сыныптастарым да білмейді.

Ұсталып қалғаннан кейін "Сынып жетекшім мектептің алдына шығармаса екен" деп ойладым. Онсыз да мектепте жақсы атымыз шықпайды. Апайымның алдында ұялғаным-ай. "Өлтірем десең, балам міне" деп анам апарып тастаған. Сол оқиға ешқашан есімнен кетпейді", - деді Нұрболхан Шарапов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063446-urlyqqa-tuseiik-nurbolxan-sarapov-uyatqa-qalgan-kezin-eske-aldy/

pixel