Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі де мүмкін": Айдар Асқарбек өзімен бірге фильмге түскен модельге ғашық болып қалды ма

Опубликовано:

Айдар Асқарбек, Диана Тәшімбетова
Айдар Асқарбек, Диана Тәшімбетова. Фото: instagram.com/diana.tashii

Жуырда "Сакура" телехикаясының толықметрлі нұсқасы көрерменге жол тартқан еді. Қазақстандық кино жұлдызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында түсірілім кезінде болған кей жағдайларға тоқталып, фильмдегі серігі Диана Тәшімбетовамен қарым-қатынасы туралы пікірін айтты.

- Айдар, көрермендеріңіз сізді Сакура деп таниды. Кинодағы Сакура мен өмірдегі Айдардың арасында ұқсастық бар ма?

- Ұқсастықтарымыз да, айырмашылықтарымыз да бар. Енді ол образ ғой. Сакураның әділдігі, адам баласына жанашырлығы мен көмектескісі келіп тұратын елгезектігі ұқсайды.

- Сакура телесериал ретінде шыққан кезде бірден көрерменнің жүрегінен орын тапты. Сол сериалдан соң Айдар мен Жарқынай, Кәмшат пен Ғазрет шаңырақ көтерді. Ал бұл толықметрлі туындыдан кейін жұп шығуы мүмкін бе? Нақтысын айтсақ, Айдар өзінің кинодағы серігі Дианаға ғашық болуы мүмкін бе?

- Иә, мен Сакура рөлінде (Жарқынайға - ред.еск.) ғашық болдым. Бірақ біз бірге емеспіз. Ол тағдыр ғой. Ал енді Дианаға сезім ашыла ма, жоқ па, алдымызда не күтіп тұрғанын білмеймін. Бәрі де мүмкін.

- Сериал мен толықметрлі фильмнің арасында қандай айырмашылық байқадыңыз?

Екеуі салыстыратындай дүние емес. Сериалдың түсірілімі күннен-күнге жалғасып, тез-тез, оңай түсіріліп шығады. Онда түсірілім сапасына, қойылым мен ойын сапасына толықметражды фильмдегідей мән бере қоймаймыз. Ал фильмді түсіру барысында сапаға да, образдың толық ашылуына да, локация мен картинаға да қатты мән беріледі.

- Сакурадан кейін басқа рөлдерге де шақыру түскен шығар. Қандай кретерийге мән бересіз?

- Әрине, шақырады. Бірақ мен асықпай, өзіме ұнайтын рөлдерді ғана таңдап аламын. Ең басты талабым - өнер. Ақшаның жетегінде кетуге жоқпын. Актерлік шеберлігім толық көрсетіліп, шығармашылық жаңалық ашылса деген талап қоямын.

- Сакура рөлі сізге материалды және моральды жағынан қандай өзгерістер әкелді?

Түбегейлі өзгеріс әкелді деп айта аламын. Өмір салтым 180 градусқа ауысты. Танымалдығым артты. Елдің алдында көп жүретін болғандықтан жауапкершілігім көбейді.

- Бірнеше дубльмен түсірілген 18+ кадр бар деп естідік. Үлкен сынға қаламын деп қорықпадыныз ба?

- Әрине, ондай қорқыныш болды. Біздің менталитет, біздің қазақы көзқарас басқа ғой. Бірақ режиссерлер "актер болғандықтан, сен барлығына дайын болуың керек, әлемдік деңгейде мұнан да анайы образдарға түсуің мүмкін, ол жақта мүлдем басқа түсініктер" деп ескертті. Мені қойыңызшы, Дианаға қиын болды. Тіпті, жылап қалған кездері де болды.

- Кинодан басқа тұрақты табыс көзі бар ма?

Әрине, басқа табыс көздерім бар. Егер кинодан жаңалық күтіп отыра берсек, аш қаламыз. Жалпы шығармашылық - маған ұнайтын, жаныма ләззат сыйлайтын хоббиім. Ал негізгі табыс көзі басқа қосымша кәсіптер арқылы келеді. Жалпы ер азаматтың бірнеше табыс көзі болуы керек.

Желіде аса белсенді емессіз, неліктен ?

Актерлік пен блогерлік екеуі бөлек жұмыс. Мен өзімді актермін деп қана санаймын. Екіншіден, мен оған үйренісе алмай жүрмін. Кез келген жерде телефонмен түсіріп жүре алмаймын. "Керек-ау" деген кезде ғана желіге шығып, пост салып тұрамын.

Сұқбаттасқан Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063688-bari-de-mumkin-aidar-asqarbek-ozimen-birge-filmge-tusken-modelge-gasyq-bolyp-qaldy-ma/

pixel