Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 ұлым бар": әнші Асқар Жүнісбеков шетінеп кеткен қызын еске алды

Опубликовано:

Асқар Жүнісбеков әнші
Асқар Жүнісбеков. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Әнші Асқар Жүнісбеков жақында 40 жасқа толған. Өнер иесі бір қызының сәби күнінде шетінеп кеткенін және бүгінгі таңда екі ұлы барын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екі баланың әкесімін. Үлкенім - 13 жаста, кішім - 6-да. Үлкенім ұлымның үлгерімі жақсы. Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Домбыра үйреніп, ән айтып, өнерге жақын болып келе жатыр. Ұлдарым өнер адамы болса, қатты қуанбаймын. Бірақ бетінен қақпаймын. Жұбайым - тіс дәрігері", - деді Асқар Жүнісбеков.

Сонымен қатар өнер иесі осыдан он жыл бұрын қызды болып, алайда оның сәби кезінде шетінеп кеткенін еске алды.

"Осыдан он жыл бұрын қызды болдым. Есімін - Әйгерім қойдық. Алла шапағатшы болсын, шетінеп кетті. 6 айлық болып дүниеге келген еді. Алланың дегені болды. Тағдыр. Сағынасың, аңсайсың. Өкініш бар. Дегенмен, Алла сынақты жайдан-жай бермейді. Оның артында бір жақсылық бар деп ойлаймын. Әйгерімнен кейін ұлды болдық. Бекболат деген кіші ұлым бар", - деді Асқар Жүнісбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063753-2-ulym-bar-ansi-asqar-zunisbekov-setinep-ketken-qyzyn-eske-aldy/

pixel