Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке өміріне әсер етеді": Макпал Исабекова өнерін күйеуі қалай қабылдайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде күйеуі жайлы сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі жұбайы танымалдығын қалай қабылдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіден "Күйеуіңіз танымалдығыңызды қалай қабылдайды? Әлде бұл оның жүйкесіне тие ме?", - деп сұраған.

Ал Мақпал Исабекова күйеуінің өнеріне қарсы еместігін айтты.

"Ол менің өнеріме, танымалдығыма қарсы емес. Алайда бұл танымалдылыққа өзінің ілініп кетуіне қарсы. Сондықтан менің әлеуметтік желідегі парақшамда көрінуді қаламайды. Кеше ғана осы тақырыпта сөйлескенбіз. Ол әлеуметтік парақшамда өзін көрсету жеке өміріне, жұмысына баруға әсер ететінін айтты.

Айтпақшы, ұлымды көшеде адамдар таниды деп айтпадым ба? "Мақпал Исабекованың ұлы ғой" деп танып жатқандар бар", - деп жазды Мақпал Исабекова Instagram желісіндегі парақшасында.

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Айта кетейік, жақында Мақпал Исабекова екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063910-zeke-omirine-aser-etedi-maqpal-isabekova-kuieui-onerin-qalai-qabyldaitynyn-aitty-foto/

pixel