jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Наркенже Серікбаева продюсері Жасұлан Базарбаевқа Умраға жолдама сыйлады (видео)

    Жасұлан Базарбаев
    Жасұлан Базарбаев. Видеодан кадр: instagram.com/jbazarbaev

    Бірнеше күн бұрын дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жеке кеші өтті. Өнер иесі ән кешінде өзіне продюсерлік еткен Жасұлан Базарбаевқа Умраға жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Аллаға сансыз шүкір етемін. Осы қызға жасаған еңбегім Умраға жолдама арқылы өтеліп кеткендей болды. Алла сізбен бізге қасиетті мекенге баруды нәсіп етсін. Мен - продюсер, Наркенже - жобам атанғалы, ең алғашқы үлкен табысым осы болды. Себебі, бұл құны шексіз сыйлық. Алла берерінен танбасын. Рахмет", - деп жазды Жасұлан Базарбаев Instagram-дағы парақшасында.

    Желі қолданушылары Жасұланның бұл сыйлығына қосыла қуанып, жарыса пікір жазды.

    "Құтты болсын", "Ниетіңді қабыл етсін", "Алла берекелі етсін", - деп жазды желідегілер.

    Еске сала кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

    Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

    Наркенже Серікбаева продюсері Жасұлан Базарбаевқа Умраға жолдама сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.