Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 адам шақырады": продюсер Алуа Қонарова тойға қыруар қаржысын жұмсайтындарға шүйлікті (фото)

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Продюсер Алуа Қонарова тойға көп адам шақырып жарысатындарға шүйлікті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында халықтың бұл әдеттен қашан құтылатынына алаңдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз қыруар қаржымыз бола тұра, қарапайым бола аламыз ба? Ол үшін қанша ұрпақ ауысуы керек? Бізде той болсын, басқа болсын, мақтануға дайынбыз. Кімнің көйлегі әдемірек? Кімнің көйлегі Миланнан алынды? Киген киім құдағидың көйлегінен арзан болып қалса, Құдай сақтасын! Тойға әртіс шақырып, қанша ақшасы барын көрсетуге тырысады.

Білім мен саяхат, жан-дүниенің байлығымен жарыспайды. Жарысу үшін тойға 500 адам шақырады", - деп жазды продюсер.

Алуа Қонарова сторис
Алуа Қонарова сторис. Скриншот: instagram.com/aluakonarova

Айта кетейік, осыған дейін Алуа Қонарова қайта тұрмысқа шығу мен бала асырап алуға қатысты ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063961-500-adam-saqyrady-prodyuser-alua-qonarova-toiga-qyruar-qarzysyn-zumsaityndarga-suilikti-foto/

pixel