Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіріп кетпесін деп, сынақ берді": әнші Нұрлан Абдуллин отбасы мен бес немересі жайлы айтты

Опубликовано:

Нұрлан Абдуллин
Нұрлан Абдуллин. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Нұрлан Абдуллин балаларынан бөлек тұратынын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында әйелінің қазіргі жағдайы мен немерелері жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлым 17-18 жасқа келгенде, "Әке, бірге жаңа жыл қарсы алатын уақыт бола ма?" деген болатын. Сол кезде біртүрлі болып қалдым. Үнемі сыртта жүреміз, үйде болмаймыз. Қазір қолым бос. Бұрын ұлымның айтқан сөзінен кейін ойланып қалдым. Содан кейін қаңтарда ұлымды алып, 1-2 аптаға демалысқа баратын болдым. Әке мен баланың арасында байланыс болу керек. Екеуміз ашық әңгімелесеміз. Оның арманын, ойын білемін.

Әйелімнің жағдайы қазір жақсы. Нұрлан есіріп кетпесін деп, Алла сынақ берді. Соны көтеріп келе жатырмыз. Балалар да оның бәрін түсінеді. "Ана, әке" деп тұрады. Тәубе деймін. Балалар бөлек тұрады. Біз әйелім екеуміз тұрамыз. Балаларға бостандық беру керек. Бірақ үнемі естеріне салып отырамын. Олар менің әкеме, анама қалай қызмет істегенімді көрді ғой. Үлкен кісілердің батасын алып, осы деңгейге жеттім", - деді Нұрлан Абдуллин.

Сонымен қатар өнер иесі бес немересі барын айтты.

"Астанада - 1, Алматыда - 4 немерем бар. "Балалар бос па? Онда мен әкетейін" деймін. Олармен сөйлесіп, ойнатып, тамақтанатын жерге барамыз. Немерелерімнің үлкені - 11 жаста. Бәрі талантты. Бірі - билесе, екіншісі ән айтады. Таланты жарып шықса, тоқтата алмайсың ғой", - деді Нұрлан Абдуллин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлан Абдуллин сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064812-esirip-ketpesin-dep-synaq-berdi-ansi-nurlan-abdullin-otbasy-men-bes-nemeresi-zaily-aitty/

pixel