Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиі саяхаттаймын": әнші Нұрлан Абдуллин сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты

Опубликовано:

Нұрлан Абдуллин
Нұрлан Абдуллин. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Нұрлан Абдуллин соңғы уақытта тыңдармандары назарынан тыс қалған. 60 жасқа таяған әнші "1001 түн" бағдарламасында сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені сұхбатқа шақырған сәтте сапарда жүремін. Сәті түспей қалады. Елдемін. Көшіп кетпедім. Жиі саяхаттаймын. Той-домалақ, концертте бар. Жаңа ән жазылып жатыр.

2015 жылы 50 жылдық мерейтойыма үлкен концерт жасағанмын. Үкімет "Парасат" орденін берді. Енді 60 жылдық таяп қалды. Әндерімді жинақтап, концерт берсем деген жоспар бар. Бірақ ерекше ән кешін өткізгім келеді. Бір күнде, бір ән шығаратын әнші емеспін. Жайбасар, салмақты адаммын. Әнді де нақышына келтіріп жасағанды жақсы көремін", - деді Нұрлан Абдуллин.

Сонымен қатар әнші шетелге көп шығып, ән айтып тұратынын айтты.

"Шетелге барып тұрамын. Ол жақта да ағайындар бар. Ресейге көп баратын едім. Алайда соңғы жағдайдан кейін азайттық. Бірақ сол азаматтар таниды, басқа мемлекеттерге шақырып тұрады", - деді әнші.

Айта кетейік, Нұрлан Абдуллин өнер жолын 1993 жылы бастады. Әншінің орындауында көпшілікке кеңінен таныс "Ауылым", "Абдулла", "Цвети, моя земля", "Родина моя-Казахстан" секілді әндері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064819-zii-sayaxattaimyn-ansi-nurlan-abdullin-saxnadan-korinbei-ketuinin-sebebin-aitty/

pixel