Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Оспанова екінші жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болғанын айтты

Опубликовано:

Мадина Оспанова жұбайымен
Мадина Оспанова жұбайымен. Фото: instagram.com/ospanova.mm

Актриса Мадина Оспанованың тұңғышы 3 жасқа таяған. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында бірінші баласынан кейін тағы да аяғы ауырлағанын және жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған "Енді қыз туып ал" дейді. Тіпті өз анам "Бірінен кейін бірін босанып ал. Жас кезде босанып ал. Мансапты кейін де жасай бересің" дейді.

Қазір жүктілік жоспарымда жоқ деп айта алмаймын. Дайын емеспін, керек емес деп айтпаймын. Алла берсе, қуана қабылдаймын. Бір жыл бұрын аяғым тағы да ауырлады. Мен қатты қуандым. Өкінішке қарай, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болдым. Алла тағы берсе, мен дайынмын. Балаларды жақсы көремін. Мен керемет анамын", - деді ағынан жарылған Мадина Оспанова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Оспанова бірінші сәбиін босанғаннан кейін екі ай бойы төсекке таңылғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065063-madina-ospanova-ekinsi-zuktiligin-toqtatuga-mazbur-bolganyn-aitty/

pixel