Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Артур Давлетьяровтың екінші перзенті өмірге келді (фото)

Опубликовано:

Артур Давлетьяров отбасымен
Артур Давлетьяров отбасымен. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Отандық әнші Артур Давлетьяров көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі жұбайының екінші сәбиді өмірге әкелгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, әйелі босанған уақытта ол Меккеден келе жатқан.

"Рамазан айын Меккеде бастадым. Ертең еліме қайтамын. Әйеліме, отбасыма барамын.

Мен ұшақта отырғанда, әйелім екінші қызымды босанды", – деді Артур Давлетьяров Instagram-дағы парақшасында.

Артур Давлетьяров
Артур Давлетьяров. Скриншот: instagram.com/artur_davletyarov

Еске сала кетейік, былтыр қарашада Артур тағы да сәбилі болатынын айтып, әйелімен бірге гендер-пати өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066592-ansi-artur-davletyarovtyn-ekinsi-perzenti-omirge-keldi-foto/

pixel