Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеден гөрі доспын": "Күлпаш" рөлімен танылған актер отбасы туралы айтты

Опубликовано:

Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Актер Берік Тұрсынбеков көпшілікке "Күлпаш" рөлі арқылы кеңінен танылды. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында отбасы туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен балаларыма әкеден гөрі доспын деп ойлаймын. Дастарқан басында әзілдеймін. Кейде сөгіп алатыным да бар. Балаларым да қол көтеруге жеткізген емес, Құдай сақтасын. Кейде жайлымын, кейде жайсызбын. Көңіл-күйім жоқ кезде, үй тып-тыныш болып қалады", – деді Берік Тұрсынбаев.

Айта кетейік, осыған дейін актер мен жұбайы Қарлығаш "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келіп, үш ұлы барын айтқан болатын.

Сонымен қатар Берік Тұрсынбеков әйел рөлінен кейде шаршайтынын айтқан болатын.

"Күлпаш" рөлінен шаршайсың ғой. Жалпы, әйел рөлін берсе, ат-тонымды ала қашамын. Жас кезімде кімнің рөлі болса да, бәрібір еді. Қазір таңдай бастадым", - деген болатын Берік Тұрсынбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066886-akeden-gori-dospyn-kulpas-rolimen-tanylgan-akter-otbasy-turaly-aitty/

pixel