jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қырыққа дейін қылмыңдады": Қайрат Әділгерейдің жұбайы күйеуі 40 жасқа толғаннан кейін өзгергенін айтты

    Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей
    Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей. Фото: instagram/bakyt_turman

    Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманның отау құрғанына биыл 18 жыл толған. Актердің жұбайы "ХабарLike" бағдарламасында күйеуінің 40 жасқа толғалы өзгергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қайрат 40 жасын тойлағысы келмеді. Ырымға сенеді. "40 жасты тойламайды" дегенді естіп алған. Тойлай бер, ештеңе қылмайды деп айттым. Кішігірім, достарымыздың арасында тойладық.

    Қайрат 40-қа дейін қылмыңдады. Керісінше, 40 жас жақындағанда, уайымдап, қорқып, күйзеліске ұшырады. Жалпы, қазір күйзелісте", - деді Бақыт Тұрман.

    Еске сала кетейік, биыл ақпанда Қайрат Әділгерей 40 жасқа толған болатын. Бақыт Тұрман күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады.

    Айта кетейік, Қайрат Әділгерей былтыр сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті.

    Жұлдызды жұп бүгінде үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.

    "Қырыққа дейін қылмыңдады": Қайрат Әділгерейдің жұбайы күйеуі 40 жасқа толғаннан кейін өзгергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.