Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең ауыр жаза сол": марқұм әкесі жайлы айтқан Қанат Айтбаев көзіне жас алды

Жарияланған күні:

Қанат Айтбаев
Қанат Айтбаев. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген былтыр өмірден өтті. Қанат Айтбаев "Жақсы адамдарым" бағдарламасында марқұм әкесін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйде анам мен әкем ешқашан "Жалғыз бала" деп қарамады. Бетіммен жібермеді және қатал да ұстамады. Қас-қабағына қарап өстік. Әкем де, анам да сөзбен айтатын. Әкеме бірнәрсе ұнамаса, үндемей қалатын. Ең ауыр жаза сол еді.

Әкеме де, анама да жақын болып өстік. Өйткені, бар мейірімге шомылдырып, бар жақсы қасиетті бойымызға сіңірді. Ешқашан еш нәрседен шектемеді. Сол кезде дүкенде көп нәрсе болмайтын. Ауылдағы балалардың алды болып, ең алғаш велосипедті де мен алдым. Бала кезде қызығушылығым көп болатын. Қызығушылығымның барлығына керек затты әкем мен анам почтамен алдырса да, тауып беретін. Сондықтан әкем мен анама ризамын. Анамыздың қабағына кірбің түспесе деймін. Ата-анамыздың тарапынан ешқашан дауыс көтеру, айқайлау дегенді естімеген, ұрып-соғуды көрмеген адамбыз", – деді көзіне жас үйірілген Қанат Айтбаев.

Еске сала кетейік, Қанат Айтбаевтың әкесі Құдайберген былтыр маусымды өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068038-en-auyr-zaza-sol-marqum-akesi-zaily-aitqan-qanat-aitbaev-koz-zas-aldy/