Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім өзі": Мақпал Жүнісованың концертіне келген өзге ұлт өкілі әншінің қолын сүйді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова концертіне келген өзге ұлт өкілінің өтінішін жерге тастамай, қалауын орындады. Әншіге риза болған ер-азамат оның қолын сүйді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Халық әртісі видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Мына бала кім өзі? Қазақ па? Орыс па? Жаныма отырыңыз. Бірге ән айтайық. Бұл кісі романс сұрап отыр. Бұл романсымды сізге арнаймын. Есіміңіз кім?", – деді Мақпал Жүнісова.

Видеода өзге ұлт өкілі Мақпал Жүнісованың концертіне келіп, сахнада тұрған әншінің қолын сүйгенін байқауға болады.

Ал әнші концертіне келген тыңдарманымен ән айту үшін сахнаның баспалдағына отырады.

Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әзілі мен тыңдарманына деген құрметіне риза болды.

"Қарапайымсыз", "Бәрі жарасымды", "Шынайысыз", "Сіздің әндеріңізді тыңдап өстік", "Әзіліңіз де өзіңізге керемет жарасады", – деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069847-kim-ozi-maqpal-zunisovanyn-koncertine-kelgen-ozge-ult-okili-ansinin-qolyn-suidi-video/

pixel