Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30-дан асқанда босандым": актриса Нұргүл Мыңғатова 2 жасар ұлы барын айтты

Жарияланған күні:

Нұргүл Мыңғатова
Нұргүл Мыңғатова. Фото: instagram.com/nurgul.myngatova

Актриса Нұргүл Мыңғатованың 3-ке келіп қалған ұлы бар. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында баласын әлеуметтік желіде көрсетпейтін себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балам 2 жас, 9 ай. Қазір ауылда. Әлеуметтік желіге жарияламаймын. Балам мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғасын, солай қорғап, қолпаштап жүремін. Әзір сөйлеп алсын деймін. Бір жылда ақырындап ол да әлеуметтік желіге шығатын шығар. Билейді. Видеоға түсіремін. Ақырындап үйретіп жүрмін.

Мінезі тура өзімдікіндей. 30 жастан асқанда босандым. Балам көбіне ауылда болды. Ол жақта көпқабатты үй көрмейді. Екеуміз есіктің алдына шығып, футбол ойнаймыз. Баламды өте қатты еркелетемін. Бірақ кейде шаңын қағып аламын, өйткені, ұл бала. Менен басқа ешкім қатты сөйлемейді. Ал ананың сөйлегені балдай ғой, бала ұмытып кетеді. Ақылмен үйретуге тырысамын", – деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069853-30-dan-asqanda-bosandym-aktrisa-nurgul-myngatova-2-zasar-uly-baryn-aitty/