jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Есімде жоқ": актриса Нұргүл Мыңғатова өмірден ерте өткен әкесін айтып, көзіне жас алды

    Нұргүл Мыңғатова актриса
    Нұргүл Мыңғатова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

    Актриса Нұргүл Мыңғатованың әкесі жастай өмірден өткен. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әкесін жиі еске алып жүргенін айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әкем өмірден кеткенде, кішкентай болдым. Ол кісі ауырып, қайтыс болды. Ағам 2 жаста болса да, есінде келбеті қалған. Ағама "Қандай бақыттысың? Көзін көрдің, әке деп айттың" деймін.

    Атамды - әке, әжемді - ана дейтінмін. Сол кісілер ренжіп қалады ма деп, сұрауға батпайтынмын. Бірақ әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді жиі есіме аламын. Әкем Өскеменде жерленген. Қазір әкемнің басына барып, құран бағыштауға жете алмай жүрмін. Қу тіршілік қой. Туыстарым хабарласады, "Аз қалды, барамын" деймін", – деді көзіне жас алған Нұргүл Мыңғатова.

    Еске сала кетейік, Нұргүл Мыңғатова осыған дейін екі жасар ұлы барын айтқан болатын.

    "Есімде жоқ": актриса Нұргүл Мыңғатова өмірден ерте өткен әкесін айтып, көзіне жас алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.