Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 құрсақ көтерген": ақын Бақыт Беделхан анасын қолына алуды армандайтынын айтты

Опубликовано:

Бақыт Беделхан
Бақыт Беделхан. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Ақын Бақыт Беделхан анасының 12 құрсақ көтергенін айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында анасын қолына ала алмай жүргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Айзада екеумізді жүректен кейін жақындастырғаны, көпбалалы отбасыда дүниеге келгеніміз. Ол да үйінің 12-шісі. Мен де сан жағынан 12-ші баламын. Анам негізі 15 құрсақ көтерген.

Анамның мен орындай алмай жүргені Алла қаласа, орындалады деп ойлаймын. Әлі анамды қолыма алғым келеді. Ананың орны бөлек. Ол орындалатын арман деп ойлаймын", – деді Бақыт Беделхан.

Айта кетейік, осыған дейін ақын Бақыт Беделхан әйелі жол апатына түскеннен кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берген болатын.

Сонымен қатар Айзада Сатыбалдиева жол апатынан кейінгі қазіргі жағдайын айтты.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 29-шы желтоқсанында Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршіктірер жол апатынан үш адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында актриса Шолпан Елгезекова бар.

Жол апатынан тек Айзада Сатыбалдиева аман қалған.

Куәгерлердің сөзінше, Gelandewagen көлігі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, орнынан қозғалған көлікті соққан. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда ол 30-шы желтоқсан күнін тұтқындалды. Жол апатының себепкері көлікті мас күйінде жүргізгені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070627-15-qursaq-kotergen-aqyn-baqyt-bedelxan-anasyn-qolyna-aludy-armandaitynyn-aitty/

pixel