"Тәрбиелі, қамқор жігіт": Балжан Бидаш бағдарламада бірге ән орындаған футболшы жігіт туралы айтты
Жарияланған күні:
Әнші Балжан Бидаш отандық "Егіз лебіз" жобасында футболшы Ұлан Қонысбаевпен өнер көрсетуде. Балжан Бидаш "Өмір көркем" бағдарламасында футболшы жігіт жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ұлан екеуміз бірнеше бағдарламадан өттік. Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәттілік болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен – Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады.
Ұлан бағдарламадағы образды киіп, кішкене шошыды. "Мүмкін басқасын киеміз" деп уайымдап қалды. Өмір бойы спорттық киім киіп келген жігіт, сахнаның жылтырақ костюмін киюге қиналды. Бірақ эфир шыққаннан кейін өзін экраннан көріп, үйреніп кетті. Өзіне де ұнады. Қазір бермесең, тартып алып киеді. Өте ақкөңіл, тәрбиелі, жақсы жігіт. Ата-анасы өте керемет, әр эфирден қалмай, бізге қолдау білдіріп келеді. Бір күні ата-анасы бешбармақ әкеледі, бір күні Ұлан жеміс-жидек әкеледі. Бізді еркелетеді, қамқор", – деді Балжан Бидаш.
Сонымен қатар Балжан Бидаш бағдарламадағы әр қатысушымен жақсы араласып кеткенін айтты.
"Өмірде "Егіз лебіздің" әр қатысушысы керемет араласып, керемет қарым-қатынаста болып кеттік. Эфирден кейін бәріміз жиналып, караокеге барамыз. "Мүмкін бір-бірімізбен араласып, танысу үшін "Егіз лебізде" жолығып жатқан шығармыз" дейміз. Барлығымыз өте жылы қарым-қатынастамыз", – деді Балжан Бидаш.
Еске сала кетейік, былтыр Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде мәлім етті.
Ал кейінірек Жахан Отарғалиев те әншімен не үшін ажырасқанын ашып айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070753-tarbieli-qamqor-zigit-balzan-bidas-bagdarlamada-birge-an-oryndagan-futbolsy-zigit-turaly-aitty-video/