Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес несием болды": Айсәуле Бақытбек басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек өміріндегі ауыр кезеңді еске алып, қаржы тапшылығы салдарынан қарызға кіріп кеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі блогер арудан ақшасыз қалған кезі жайлы сұрады. Желі жұлдызы ондай жағдай басынан өткенін растап, егжейлі-тегжейлі айтып берді.

Сөзінше, ол көп адамға қарыз болған.

"Қазір мен 27 жастамын. Ата-анамнан 10 жыл бойы ақша сұраған емеспін. Барымды салып жұмыс істеп жатырмын. Шамамен 40 шақты адамға жалақы төлеймін.

Әрине басымнан қиын кезеңдер де өтті. Мүлдем ақшасыз қалып, қарызға белшесінен батып, бес несие алғанмын. Тіпті микрокредиттік ұйымдардан 10 мың теңге алған кезім де болды. Бірақ барлығы уақытша екеніне көзім жетті. Жалпы менің қаржылық жағдайымның жақсы не жаман болғанын менің парақшамнан-ақ білуге болатын сияқты. Алайда не болса да ата-анама жағдайым жақсы деп жүре беретінмін", - деп жазды Айсәуле.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Айсәуле Бақытбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071332-bes-nesiem-boldy-aisaule-baqytbek-basynan-otken-auyr-kezendi-eske-aldy/

pixel