"Көшу вариант емес": Мадина Сәдуақасова жер сілкінісіне қарамастан, Алматыдан көшпейтінін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Биыл Алматыда екі рет көпбалды жер сілкінісі болып, оңтүстік астананың тұрғындары үрейге бой алдырды. Әнші Мадина Сәдуақасова табиғат апатынан қорыққанымен, Алматыдан көшпейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап беру мақсатында, сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырған.
Желі қолданушысының бірі Сәдуақасовадан "Жер сілкінісінен қорқасың ба?", – деп сұраған.
Ал Мадина Сәдуақасова қорыққанымен, Алматыдан көшу ойында жоқ екенін айтты.
"Адам баласы табиғат апатынан қорқады, қорқу керек. Сейсмикалық қауіпті аймақта өмір сүретіндерді Алла сақтасын. Басқа амал жоқ. Көшу не вариант", – деп жауап берді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова Қызылордадан үй алғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071476-kosu-variant-emes-madina-saduaqasova-zer-silkinisine-qaramastan-almatydan-kospeitinin-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.