Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер сілкінісі шошытты": Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан үй сатып алды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Cәдуақасова көпшілікке қуанышын бөлісті. Өнер иесі Қызылорда қаласынан үй сатып алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram-дағы парақшасында Қызылордада жүргенін көрсетті.

"Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым", - деп жазды Сәдуақасова.

Сонымен қатар әнші басқа қалада болған уақытта Алматыда жер сілкініп, жақындары үшін алаңдағанын жасырмады.

"Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Алматыдағы жер сілкінісінен кейін Ерке Есмахан да жер үй сатып алған болатын.

Мадина Сәдуақасова сторис
Мадина Сәдуақасова сторис. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064766-zer-silkinisi-sosytty-madina-saduaqasova-qyzylorda-qalasynan-ui-satyp-aldy-foto/

pixel