Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңсесі түсіп кетті": Бағлан Әбдірайымов әкесінің қазасынан соң анасының денсаулығы сыр бергенін айтты (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов әкесімен
Бағлан Әбдірайымов әкесімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымовтың осыдан біраз уақыт бұрын әкесі өмірден өтті. Өнер иесі әкесінің қазасынан соң анасының денсаулығы сыр бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем кеткелі, анамның еңсесі қатты түсіп кетті. Бала-шағасы бар, шүкір ғой. Арқасүйер азаматынсыз өмір сүрү қиын ғой. Біз түсіне бермейтін шығармыз. Кішкене ем алуға жатқан екен. Ұшақтан қалып, жағдайын сұрап қайттым.

Ағарып, реңі жақсарып қалыпты. Қуанып қайттым. Сіз аман болыңыз, анашым. Армандарым орындалып жатса, куәсі сіз болыңыз", – деп жазды Бағлан Әбдірайымов Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, осыдан он күн бұрын әншінің әкесі өмірден өткен еді.

Әкесін жер қойнына тапсырған Бағлан Әбдірайымов оның соңғы жазған хатын жариялаған болатын.

Сонымен қатар әнші сахнада 20 жыл жүріп, әке-шешесінің жағдайын жасауға тырыспағанына күйінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073186-ensesi-tusip-kett-baglan-abdiraiymov-akesinin-qazasynan-son-anasynyn-densaulygy-syr-bergenin-aitty-foto/

pixel