Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынаққа толы болды": Жахан Отарғалиев былтырғы жылдың өзіне оңай соқпағанын айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Қызық TIMES бағдарламасы

Отандық актер Жахан Отарғалиев 2023 жыл сынаққа толы болғанын айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында сынақтан өткеніне қуанышты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кез келген қиыншылықтан кейін үлкен жақсылық барын естен шығармау керек. 2023 жыл мен үшін ерекше сынаққа толы болды. Денсаулық, жеке өмір, қарыз бәрімен сыналдым. Қазір бәрі Аллаға шүкір, керемет. Сол сынақтардың болғанына қуанамын. Алла шебер, біраз нәрсеге көзімді ашты", – деді Жахан Отарғалиев.

Айта кетейік, былтыр Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш ажырасқанын мәлім етті.

Осыдан кейін денсаулығы сыр берген Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатты.

Ал биыл актер Жахан Отарғалиев Меккеге қажылыққа барып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073288-synaqqa-toly-boldy-zaxan-otargaliev-byltyrgy-zyldyn-ozine-onai-soqpaganyn-aityp-zan-syryn-aqtardy-video/

pixel