Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз арудың саусағына жүзік таққан Amre көпшілікті қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Көпшілікке Amre лақап есімімен танымал әнші Ернар Садырбаев белгісіз арудың саусағына жүзік тақты. Өнер иесінің видеосы Instagram-дағы парақшасында қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Келесі концертімде неге ұсыныс жасамасқа? Әлде жасайын ба?", – деп жазды әнші.

Сонымен қатар видеода әншінің белгісіз арудың саусағына жүзік тағып, сосын бойжеткеннің қолын сүйгенін байқауға болады.

Желі қолданушылары Ернар Садырбаевтың бұл әрекетін қызу талқыға салды.

"Қызың хиджаб киетін еді ғой", "Менің сүйікті әншімнің бірі. Шынымен өз бақытын тапсыншы", "Қайырлы неке болсын", "Жаңа әнге арналған хайп", "Бұл бақытты ару кім?", "Баламыздың бағы жансын", "Сүйіктісі бар екен ғой", – деп пікір білдірді желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ернар Садырбаев биыл той жасайтынын және болашақта сүйіктісінің үйде отыратынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073465-belgisiz-arudyn-sausagyna-zuzik-taqqan-amre-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-video/

pixel