Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр тиді": актриса Сара Амангелді ғашығының тірлігінен соң ауырып қалғанын айтты

Опубликовано:

Сара Амангелді
Сара Амангелді. Видеодан кадр: Айнұр Рахметова бағдарламасы/Youtube

Актриса Сара Амангелді "Келінжанның" соңғы түсірілімінде неліктен жиі көрінбегенін айтты. Өнер иесі Айнұр Рахметоваға берген сұхбатында ғашығының тірлігінен соң ауырып қалғанын жеткізді.

"Келінжанның соңғы түсірілімінде денсаулығыма байланысты, аз түстім. Арықтаймын деп, асқазаным кішірейіп қалды. Нәтижесінде, бірнеше күн тамақ жей алмай қалдым. Негізі жақсы жұмыс істеу үшін адам аз-аздан болса да, тамақ ішуі керек.

Оның үстіне махаббат мәселесі де қинады. Бәрі "күйеуге шық" деп айтып жүргенде, жанымда мен қатты ғашық болған адам болды. Бірақ ол адамның істеген тірлігі маған ауыр тиді. Ол адамнан ондай тірлік тіпті күтпедім. Психикама қатты әсер етті. Сол кезде ауырып қалдым. Қазір денсаулығым жақсы. Осы себепті әлеуметтік желіге де жиі шықпай, демалып жүрмін", – деді Сара Амангелді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс бірге көзге түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073507-auyr-tidi-aktrisa-sara-amangeldi-gasygynyn-tirliginen-son-auyryp-qalganyn-aitty/

pixel