Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыс бірге көзге түсті (фото)

Опубликовано:

Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс
Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс. Скриншот: instagram.com/amangeldieva_sara

Осыдан біраз уақыт бұрын Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыс бірге фильмге түскен болатын. Өнер иелері қайтадан бірге көзге түсіп, көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыспен кездесетіні жайлы алдымен Сара Амангелді Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін бір кісі шақырып жатыр. Кім деп ойлайсыздар?", - деп жазды Сара Амангелді.

Ал кейінірек әнші Тұрар Ыдырыспен сурет жариялап, екеуінің бірге қойылымға келгенін айтты.

"Бірге қойылымға келдік", - деді актриса.

Сонымен қатар бұл суретті Тұрар Ыдырыс та өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Мына қыз табылды", - деп жазды Тұрар Ыдырыс.

Айта кетейік, осыған дейін Сара Амангелді желіде ақ көйлек киген суретін бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

Ал кейінірек желіде актрисаның ұзатылған видеосы тарады.

Осы оқиғадан кейін Сара Амангелдінің анасы Гүлнұр Мамасарипова қызы мен Тұрар Ыдырысты не байланыстыратынын ашып айтты.

Сара Амангелді, Тұрар Ыдырыс
Сара Амангелді, Тұрар Ыдырыс. Скриншот: instagram.com/turar__ydyrys, instagram.com/amangeldieva_sara

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058773-sara-amangeldi-men-ansi-turar-ydyrys-birge-kozge-tusti-foto/

pixel