Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі тұрғанда жолатпаймын": әнші Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуіне кім кедергі болғанын айтты

Опубликовано:

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова. Фото: "Ел" бағдарламасы

1992 жылдан бері көпшілікке кеңінен танылған отандық танымал әнші Гауһар Әлімбекова өнер әлемінен алыстап кету себебін айтты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында сахнадан көрінбей кетуіне кедергі жасағандар болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрыннан қайта-қайта шыға бермеймін. Бір көрініп, жоқ боп кетем. Бағдарламаларға да көп қатыса бермеймін. Еті әндеріме жаңа ән қосып, есеп берсем, жеңілдеп қаламын.

Бірақ соңғы 10 жыл ішінде Республика сарайында ән кешін өткізбедім. Себебі, маған байланысты дүние емес. Менің әнімнің тыңдаушысы ретінде жақсы білетін болсаңыздар, басымнан түрлі жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын бір кісі "Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайының маңына жолатпаймын" деген болатын. Ол кісі сөзінде тұрды. Маған концерт жасатпады. Онымен қоймай, маған проблема тауып берді. Сөйтіп, өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып кеткен уақыт та болды. Жылап жүрсем де, гитарамды тастамадым. Ән шығардым", – деді жан сырын ақтарған Гауһар Әлімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073879-tiri-turganda-zolatpaimyn-ansi-gauhar-alimbekova-saxnadan-korinbei-ketuine-kim-kedergi-bolganyn-aitty/

pixel