Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гауһар Әлімбекова танымал әнін Қайрат Нұртастың рұқсатсыз орындағанын айтты

Опубликовано:

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова. Видеодан кадр: "Хабарlike" бағдарламасы

Гауһар Әлімбекова танымал хит әні "Ақ келінді" әнші Қайрат Нұртастың рұқсатын сұрамай орындағанын айтты. Бұл туралы өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біраз уақыт бұрын жұрт Қайрат Нұртастың орындауындағы "Ақ келін" әнінің сілтемесін жіберді. Жарайды, айтса, айта берсін дедім. Бәрі "Сенен рұқсат сұрады ма?" дейді. Сұраған жоқ.

Сөйтіп жүргенде Қайраттың анасы хабарласты. Ұлының тойы жайлы айтып отырып, "Естіп көрдің бе? Қайрат осы әнді айтты ғой" деді. "Сәл ренжідім. Неге бір ауыз айтпадыңыздар? Неге ел-жұрттан естимін? Бір ауыз айтсаңыздар, қарсы болмайтын едім ғой" дедім. Сөйтсем, "Кавершоуға бірден айтты. Рұқсат сұрауға уақыт болмады" деді. Жарайды деп қойдым. Арада 2 апта өткенде мына өлең шығып тұр. Неге өйткенін сұрауға уақыт болмады. Бір ауыз айтуы керек еді. Бір жағынан біз дастарқандас, дәмдес болдық. Көп сөйлесіп, апа-сіңілі боп сырламасыз. Содан кейін "өзім" деп сұрамаған шығар", – деді Гауһар Әлімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074011-gauhar-alimbekova-tanymal-anin-qairat-nurtastyn-ruqsatsyz-oryndaganyn-aitty/

pixel