Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айға қалып қойдым": Нұрлан Абдуллин шетелге не үшін жиі баратынын айтты

Жарияланған күні:

Нұрлан Абдуллин
Нұрлан Абдуллин. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстанға еңбек сіңірген әнші Нұрлан Абдуллин Таиландқа оншақты күнге барып, бір айға қалып қойған. Өнер иесі шетелге не үшін жиі баратынын "ХабарLike" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір ай бұрын Таиландқа бардым. Абыройлы жігіттер туған күнін жасаймыз деді. Оншақты күнге барған едім, бір айға қалып қойдым. Таиландта қалып, туған күнді өткізіп, аман-есен атқарып қайттым", – деді Нұрлан Абдуллин.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан Абдуллин шетелге жиі шығатынын мәлім еткен болатын.

"Елдемін. Көшіп кетпедім. Жиі саяхаттаймын. Той-домалақ, концерт те бар", - деді Нұрлан Абдуллин.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Абдуллин әйелінің денсаулығы жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074497-bir-aiga-qalyp-qoidym-nurlan-abdullin-setelge-ne-usin-zii-baratynyn-aitty/