Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира мен Жанболат отау құрғанына 28 жыл толғанын атап өту үшін Малайзияға саяхатқа аттанды (фото)

Жарияланған күні:

Жазира мен Жанболат
Жазира мен Жанболат. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың отау құрғанына биыл 28 жыл толған. Өнерлі отбасы мерейтойды атап өту үшін Малайзияға қыдырып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отбасымен Куала-Лумпурде жүргені жайлы Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Үйленгенімізге 28 жыл", – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың отау құрғанына 28 жыл өткеніне таңғалып, жарыса пікір жазды.

"Қанша жасыңызда үйлендіңіздер?", "Қай жылғысыздар?", "Осындай сұлуды жар еткен Жанболат бақытты ғой", "Жақсы демалыс болсын", "Бақытты болыңыздар", "Ұлыңыз адал келін әкелсін", "Ең керемет отбасы", – деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова отбасында тоғыз перзент екенін айтып, ауылда тұратын үлкен әпкесін көпшілікке таныстырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074527-zazira-men-zanbolat-otau-qurganyna-28-zyl-tolganyn-atap-otu-usin-malaiziyaga-sayaxatqa-attandy-foto/