Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істемесем де болады": Заңғар Нұртас әйелінің табысы жақсы екенін айтты (фото)

Жарияланған күні:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: Instagram/zangaar

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы былтыр екінші рет шаңырақ көтерді. Заңғар Нұртас әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, әйелінің табысы жақсы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жазда ағаш егемін. Таза ауа қорғаушысымын деп айтып едім ғой. Осы уақытқа дейін қаржыны сауатсыз жараттық. Жақында ғана отбасылық бюджет аштық. Мақсат қойылды. Әр табысымыздың 50-60 пайызын отбасылық бюджетке салып отырамыз.

Қазір Индираның табысы жақсы. Мен жұмыс істемесем де болады", – деді Заңғар Нұртас Instagram-дағы парақшасында.

Заңғар Нұртас
Заңғар Нұртас. Скриншот: instagram.com/zangaar

Еске сала кетейік, былтыр қарашада продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Ал былтыр қазанда Гүлзира Айдарбекова Шымкент өңірімен құда болып, кенже ұлы Заңғардың сүйгеніне сырға тақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075139-zumys-istemesem-de-bolady-zangar-nurtas-aielinin-tabysy-zaqsy-ekenin-aitty-foto/