Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альбина Шардарова тағы неше сәбиі болғанын қалайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова
Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова. Фото: instagram.com/albina.shardarova

Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатовтың екі қызы бар. Әншіта тағы да неше сәбиді өмірге әкелгісі келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Альбина Шардарова Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушысы әншіден "Тағы бір баланы өмірге әкелесіз бе?", – деп сұраған.

Ал әнші бір емес, бірнеше ұлды болғысы келетінін айтты.

"Неге біреу-ақ? Бұйырса, садақ атып, атқа мінетін 2-3 ұлым болсын", – деп жауап берді Шардарова.

Еске сала кетейік, әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов 2018 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінгі таңда жұлдызды жұптың екі қызы бар.

Осыған дейін сұқбат берген Бауыржан Сатов әйелі Альбинаны қызғанатынын жасырмай айтып берген болатын.

"Альбина халықтың алдында жүрген әнші. Мен оны қызғанамын. Алдында Қуандық Рахыммен батысқа гастрольдік сапарға кетті. Мен екі баламен үйде қалдым. Желіде жазылып жатқан пікірлерді оқыдым. "Екеуі жақсы жарасады, әттең екеуі қосылмады" деп көп жазады. Дегенмен қанша жыл өтсе де, ол сөздер тиеді екен. Қуандыққа қызғанбаймын. Бірақ, маған емес, Қуандыққа көп жарасады деген сөздерге ренжимін", - деді ол сұхбатында.

Альбина Шардарова
Альбина Шардарова. Фото: instagram.com/albina.shardarova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075226-albina-sardarova-tagy-nese-sabii-bolganyn-qalaitynyn-aitty-foto/

pixel