Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенжебек Жанәбілов отбасымен Дубайға саяхатқа аттанды (фото)

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart

Әнші Кенжебек Жанәбілов жұбайы мен төрт баласын ертіп, демалысқа ұшып кетті. Өнер иесі Дубайға саяхатқа аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ең бақытты сәт", – деп жазды Кенжебек Жанәбілов Instagram-дағы парақшасында.

Суреттен әнші мен жұбайын және олардың екі ұл, екі қызын көруге болады.

"Музарттық" әншінің отбасы танымал Бурж Халифа ғимаратының жанында суретке түскен.

Желі қолданушылары Кенжебек Жанәбіловтің отбасына жылы лебіз білдіріп, жарыса пікір жазды.

"Бақытты болыңыздар", "Керемет отбасы", "Балалардың қызығын көріңіз", "Балалар өсіп кетіпті", "Балаларыңның бәрі өзіңнің аузыңнан түскендей екен", "Тіл-көзден сақтасын", – деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда белгісіз ер адамның тартқан видеосы тараған болатын. Өнер иесі аталмыш жайтқа байланысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075340-kenzebek-zanabilov-otbasymen-dubaiga-sayaxatqa-attandy-foto/

pixel