Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанша көндірдім": Маржан Арапбаева қызы шетелде оқудан бас тартқанын айтты

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Маржан Арапбаева қызын Кореяға Жоғары оқу орнына түсіргісі келгенін айтты. Алайда әншінің қызы шетелде оқудан бас тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қысқасы, қызым "Шетелге оқуға бармаймын. Осында оқимын" деп шешті. Кореяда оқышы деп, қанша көндірудің амалын істедім. Бірақ ол осында оқуды таңдады. Енді оқуға түсуге дайындалып жатырмыз", – деді Маржан Арапбаева Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Маржан Арапбаева күйеуі жайлы айтқан болатын.

"Өнер адамы болғасын, үнемі сапарда жүреміз. Жолдасым үнемі қолдап, гастрольдерге өзі дайындап шығарып салады. "Шақырған жерден қалмауға тырыс, бар" деп айтып отырады. Осы бағдарламаға келерде де сәл кешігіп қала жаздадым. Алайда күйеуім сабырға шақырып, үлгеретінімзді айтты. "Бару керек, көрермендерден ұят болады" деді. Ақыры айтқанындай уақытылы келдік. Қазір мені көлікте күтіп отыр", – деді әнші.

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Скриншот: instagram.com/arapbayevamarzhan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075394-qansa-kondirdim-marzan-arapbaeva-qyzynyn-nege-setelde-oqysy-kelmeitinin-aitty/

pixel