Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдан жасалған проблема": Ләйлә Сұлтанқызы су тасқынына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі бұл жағдайды "қолдан жасалған проблема" деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында көптеген отбасыны баспанасыз қалдырған табиғат апаты жайлы жазба жариялап, орын алған жағдайға қатысты ойын айтты.

"Жаздың алдында көктем бар. Су басқан өңірлерден тараған видеолар жан түршіктіреді. Қаншама мыңдаған адам зардап шекті, қаншама мыңдаған отбасын шаңырағынан айрылды, қанша дүниенің күлі көкке ұшты. "Әттеген-ай" дейтіндей-ақ бар. Қолдан жасап алған проблема ғой. Шымшық сойған қасапшы да ағаттық жіберіп тұр. Халықтың қалауы, пікірі, билік өкілдерінің тапсырмасы, қауқары бас болып тұрғанымен, мойынсыз (президент) ештеңе істей алмайды екенбіз.

Иә, жүрек, уайым бәрімізді бірдей. Адамбыз ғой. Табиғат апаты айтып келмегенімен, қолдан жасалған проблема екенін сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Әрине, кінәлілер орнын босатып, біразы жауапқа тартылады. Мәселенің алдын алмағаннан кейін кейбір әкімдер де сөгіс алды. Осындай кезеңде қол ұшын созып, көмек беріп, ақша жинап жатқан ашып жатқан қорлар, тұлғалар, белсенді халық - күшіміз бірлікте екеніне тағы бір дәлел! Әлемді мейірім құтқарады", - деп жазды тележүргізуші.

Сұлтанқызы перзиденттің бұл мәселенің шешімін табатынына кәміл сенімді екенін жеткізді.

"Мемлекет басшысы өзі қатаң бақылауға алған жағдай шешімсіз қалмайды. Зардап шеккен отбасыларға үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076426-qoldan-zasalgan-problema-laila-sultanqyzy-su-tasqynyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel