Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге алдын алу жұмыстарын жасамайды": Алтынай Жорабаева су тасқынына қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева елімізде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендерге қолдау білдірді. Өнер иесі бұл жылда қайталанатын жағдай екенін алға тартып, биліктегілерді сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева табиғи апаттың алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейтініне күйінді. Шоу-бизнес өкілі Instagram парақшасында су тасқынына қатысты азулы жазба жариялады.

"Парақшама су апаттарын түсірген виеоларды салуға жүрегім ауырып тұр. Онсыз да көріп отырған боларсыздар. Иә, апат айтып келмейді. Бірақ жылда осы жағдай қайталанып отыратынын біледі ғой. Неге соның алдын алу жұмыстары жасалмайды?

Бізде тек қағаз жүзінде ауызбен орақ орып, бәрін керемет деп есеп береді. Сөз жүзіндегі "Әділетті Қазақстан", қашан іс жүзіндегі "Әділетті Қазақстан" болады екен? Тағы сол, баяғы халықтың өзі ақша жинап, гуманитарлық көмек көрсетуде. Көмек көрсетуді ұйымдастырып жатқан жандарға Алла разы болсын!

"Көп түкірсе көл" демекші, осы қасиетті Рамазан айында барынша бір-бірімізге жақсылық жасайық. Бұл да бір Алланың сынағы ғой. Біреуді осылай табиғат апатымен сынаса, біреуді, сол жағдайға қол ұшын бере ме екен деп сынап жатқан болар. Не болса да, Алла хайырлысын беріп отыр", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да су тасқынына қатысты пікір білдіріп, орын алған жағдай "қолдан жасалған проблема" екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076543-nege-aldyn-alu-zumystaryn-zasamaidy-altynai-zorabaeva-su-tasqynyna-qatysty-oiyn-aitty/