Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оң қолым бергенді, сол қолым білмесін": Гүлнұр Мамасарипова су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті (фото)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде
Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова су тасқынынан зардап шеккен халықпен бірге екенін айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында көпшілікке көмек көрсеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Елдегі жағдайға қарап, көп нәрсеге бата алмай отырмын. Су кешіп жүрмесек те, үлесімізді тигіздік. Мұны да айтпасымызға қоймай жатқандар бар. Әйтпесе, оң қолым бергенді, сол қолым білмесін дейтін адаммын. Баяғыда апам жатар алдын "Е, Жаратушы, Аллам! Тосыннан келген апаттан сақта" деп күбірлейтін еді. Соны өзім де өмір бойы айтып келем. Бұл күндер де өтер. Алла жеңілдігін берсін", – деп жазды Мамасарипова.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076807-on-qolym-bergendi-sol-qolym-bilmesin-gulnur-mamasaripova-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-komek-korsetti-foto/

pixel