jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Байланыс үзбеймін": Әбілмансұр Серіков алғашқы некесінен екі ұлы барын айтты

    Әбілмансұр Серіков
    Әбілмансұр Серіков. Видеодан кадр: "Ұрпақ" подкасты

    Актер Әбілмансұр Серіков бүгінгі таңда екінші рет шаңырақ көтерген. Өнер иесі "Urpaq" бағдарламасында бірінші некесінен екі ұлы барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алғашқы некемнен екі ұлым бар. Ұлым дүниеге келген күні М.Әуезов театрында актермін. Жаңа жыл уақыты, тышқан рөлін ойнап жүрмін. Екінші ұлым Алматыда дүниеге келді. Мен ол уақытта Астанада едім. Тұңғышыммен кіндігіміз байланып қалған. Ұлдарыммен байланыс үзбеймін. Олардың оқуын төлеймін, керек нәрсесін әперемін, ақыл айтатын кезде ақыл айтамын, ұрсатын кезде ұрысамын. Оған әке ретінде толыққанды құқығым бар.

    Қынжылатыным, кезінде әкемнен сұраған нәрсемді, өзім балаларыма бере алмай жатқаным. Әкенің махаббаты, мейірім, көңіл... Алматыға келгеннің өзінде жанында көп бола алмаймын. Түсіріліммен ары-бері шапқылап жүремін. Бірақ әрдайым хабарласып, қолдап жүрем", – деді Әбілмансұр Серіков.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Әбілмансұр Серіков көпбалалы әке екенін айтқан болатын.

    "Байланыс үзбеймін": Әбілмансұр Серіков алғашқы некесінен екі ұлы барын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.