Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім тоқтап қала жаздады": Әбілмансұр Серіков сәтсіз некесі туралы айтты

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Әбілмансұр Серіков. Фото: Тимур Балымбетов бағдарламасы/Youtube

Актер Әбілмансұр Серіков бірінші некеден екі ұлы барын айтқан болатын. Өнер иесі Urpaq подкастында үлкен ұлының сөзінен соң сасқалақтап, аузына сөз түспей қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балам қиналып кетті. Анасының да, менің де көңілімді қимайды. Екі ортада бала қиналып кетті. Бала екі жаққа бөлініп кетеді. Әкесінің көңілін қимай анасына, анасының көңілін қимай, әкесіне өтірік айтады. Сосын балама "Ешқашан өтірік айтпа. Ертең өтірікші деп достарың сыйламайды" дедім. Балаларым мені әкетай дейді. "Әкешім, анашыма қайта үйленіңізші. Мен қатты қиналып кеттім" деді ғой. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Телефонмен сөйлесіп келе жатыр едік, не айтарымды білмей қалдым. Сасқалақтаған күйі қалдым.

Қазір он жасқа толды. Бұл әңгіме он жасқа дейін болды. Бірінші әйеліммен екі жаққа кеткеннен кейін, балаларым екі жыл нағашыларында тұрды. Екі жылдай мен бара алмадым, көре алмадым. Телефонмен хабарласып тұрдым", – деді Әбілмансұр Серіков.

Еске сала кетейік, күні кеше Әбілмансұр Серіков екінші рет шаңырақ көтергенін және екі некесінде екі ұлдан барын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077208-zuregim-toqtap-qala-zazdady-abilmansur-serikov-satsiz-nekesi-turaly-aitty/

pixel