Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есеңгіретіп жіберді": Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдукәрімова фотосессияда
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елімізде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жыл сайын қайталанатын табиғи апаттың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмейтініне шүйлікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова еліміздің кей өңірінде орын алған су тасқынына қатысты не ойлайтынын Instagram парақшасында айтты.

"Елді жайлап жатқан су тасқыны да есеңгіретіп жіберді. Қаланы да, даланы да су алды. Жұрттың мазасы кетіп, мал қырылды, жолдарды шайып кетті. Қызыл судың қауіпін алдын ала болжап білмедік пе? Қам неге ертерек жасалмады?

Бұл тасқыннан кейін біраз әкім жылы орнын суытатын сияқты. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл туралы ескертті. Жіті тексерістер болатындығын түйреп өтті. Ал президент жоғары шенділердің бірнешеуіне сөгіс жариялады. Табиғи апат айтып келмейді дейін десең, бұл жағдай біраз аудандарда жыл сайын қайталанады. Ауылдарды жайратып салғаннан кейінгі әрекеттің кімге керегі бар деген сұрақ жалғыз менде емес шығар", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077220-esengiretip-ziberdi-zuldyz-abdikarimova-su-tasqynyna-qatysty-pikir-bildirdi/