Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Асан Мажит алаяқтардан алданғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит
Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит. Фото: Instagram/ sham_theatre

Актер Асан Мажит интернет алаяқтарының құрбаны болды. Өнер иесі WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ескерту! Абай болыңыздар", – деп жазды актер Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар Асан Мажит видео жолдап, ешқандай сілтемеге өтіп, дауыс бермеуге шақырды.

"Дәл қазір жан жақтан хабар келіп жатыр. Менің атымнан WhatsApp-тан группа ашылып, барлық достарымды тіркеп, дауыс беріңіздер деп жатыр екен. Абай болыңыздаршы, ол мен емес. Сондықтан барша досымнан сұрайтынып, группадан шығып кетіңіздер", – деді видеода Асан Мажит.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова да дәл осылай алаяқтардан алданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077526-akter-asan-mazit-alayaqtardan-aldanganyn-aitty-video/

pixel