Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Әсел Асқар денсаулығы сыр бергенін айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Актриса Әсел Асқардың денсаулығы сыр берді. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында қазір денінің саулығын қалыпқа келтіріп жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір денсаулығымды дұрыстап жатырмын. Стресстен кейін денсаулығым нашарлады. Алдымен ішкі құрылысымды емдеуден бастадым. Сосын гормондарды емдедім.

Менің бір ғана теріс әдетім бар. Темекі тартамын. Оны айтудың ұяты жоқ деп ойлаймын. Оны халық көреді, көшеде көреді", – деді Әсел Асқар.

Айта кетейік, осыған дейін Әсел Асқар тау бөктерінен, 300 шаршы метр үй алған болатын. Өнер иесі жылжымайтын мүлікке қол жеткізу үшін 6 жыл бойы қаражат жинаған.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазанында Әсел Асқардың кенже ұлы жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078210-aktrisa-asel-asqar-densaulygy-syr-bergenin-aitty/

pixel