Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойы биік": басын төбеге ұрып алған Жігер Ауыпбаев көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Әнші Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевтың мекеме ішінде басын төбеге ұрып алған сәтін көрсетті. Өнер иесі салыстыру үшін өзі мен Асхат Тарғынның да бойын көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Нұрлан Еспанов Instagram-дағы парақшасында бөліскен.

"Жігер – бойы биік, ойы озық азамат. Күліп жүрейікші, өтініш. Бұл жай ғана әзіл", – деп жазды Еспанов.

Видеодан Жігер Ауыпбаев пен Нұрлан Еспановтың және Асхат Тарғынның бір мекеме ішінде жүргенін көруге болады. Дәлізде жүрген Жігер басын төбеге ұрып алған.

Ал бұл сәтті түсіріп тұрған Еспанов өзі мен Асхат Тарғынның бойын көрсетеді. Видеода Асхат Тарғын қанша секірсе де, Жігер басын ұрған төбеге жете алмайды.

Желі қолданушылары Еспановтың видеосын көріп, күлкіге қарық болғанын жарыса жазды.

"Жігердің арқасында неше күннен бері күліп жүрміз", "Секірсе де, жетпеді ғой", "Нағыз қазақтың жігіттері осындай болған", "Көп көрсете берме. Көз тиеді", – деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, бойының 195 см екенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078930-boiy-biik-basyn-tobege-uryp-algan-ziger-auypbaev-kopsilikti-kulkige-qaryq-qyldy-video/

pixel