Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай қызының кейпіне енген Қайрат Әділгерей көпшілікті күлкіге қарқ қылды

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Видеодан кадр: instagram.com/kairat_adilgerey

Актер Қайрат Әділгерей әлеуметтік желіге ерекше видео жариялады. Әзілкеш арнайы қосымша арқылы қытай қызының кейпіне енген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан қытай қызының кейпіндегі Қайрат Әділгерейді байқауға болады. Арнайы қосымша арқылы жасалған видеода актер үстіне қытайдың ұлттық киімін киіп, бір құлағына сырға мен мойнына алқа, қолына сөмке таққан.

Актер бұл видеосына "Қытай вайбы", - деп жазба қалдырған Instagram-дағы парақшасында.

Ал желі қолданушылары алғашында видеоның Қайрат Әділгерейге қатысы барын мүлде байқамағанын айтты.

"Түрі таныс екен деп қарап отырсам", "Монтаж ғой, иә?", "Не деген сұлу қытай?", "Әдемі әйел болады екенсіз", "Келіншегіңіз бе деп қалдым. Бір-біріңізге ұқсайсыздар", "Қызыңыз сізге ұқсайды екен", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Әділгерей үнді қызының кейпіндегі видеосын жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079290-qytai-qyzynyn-keipine-engen-qairat-adilgerei-kopsilikti-kulkige-qarq-qyldy-video/

pixel