Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасым": Мөлдір Әуелбекова ұлы мен қызын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде балаларын көрсетті. Өнер иесі отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отбасым", – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Әуелбекованың ұлы мен қызын желіде жиі көрмейтінін айтып, жарыса пікір жазды.

"Балаларыңыз әдемі екен", "Аман болсын", "Анасынан аумай қалған", "Өсіп қалыпты", "Тіл-көзден аман болсын", – деп жазды желідегілер.

Сонымен қатар әнші ұлының өнерін де көпшілікке көрсетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне пәтер алып бергенін айтқан болатын. Ол құны 60 млн теңге болатын пәтерді көпшілікке көрсетті.

Сондай-ақ әнші пәтерді ұлының қалауымен алғанын да жасырмады.

"Мен көбіне ата-анам, бауырларым үшін жағдай жасаппын. Алатын дүниені алыппын. Сөйтсем, өзімде жоқ екен. Бала өскенде керек болады екен ғой. Мен ата-анамның көзі тірісінде қасынан көшкім келмейді. Бөлек шығамын, үй аламын деген ой болмаған. Сөйтсем, балам өсіп қалыпты. Үйде әкемнің жалғыз тұяғы, бір ұл бар. Інім қара шаңырақта қалады. Негізі бәріміз бірге тұрамыз ғой. Қарасам, бауырымның бірнеше баласы бар. "Бірге тумақ бар, бірге тұрмақ жоқ" деген сөз бар ғой.

Бауырыңмен сиысасың, ата-анаңа сиясың. Бірақ мына балалар арасында әңгіме жүретін сияқты. Балам "Бұл біздің үйіміз емес пе?" дейді. Үй 400 шаршы метр. Бәрібір сыймай тұрмыз ғой. Осыған келіп тірелдік қой. Баламның "Мама, үй" дегеніне бір жылдай болды. Сонымен апыр-топыр үй алдық", - деген болатын Мөлдір Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079308-otbasym-moldir-auelbekova-uly-men-qyzyn-korsetti-video/

pixel