Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде отырып қалдым дей береді": Медетжан Жанабай әйелімен қарым-қатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Медетжан Жанабай әйелімен
Медетжан Жанабай әйелімен. Видеодан кадр: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Медетжан Жанабай отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтып, келіншегімен қарым-қатынасы қандай екенін баяндады. Желі жұлдызы әйелімен келіспей қалған кездері болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Медетжан Жанабай келіншегі босанғаннан кейін "үйде отырып қалдым" деп көп ренжитінін айтты. Сол себепті ерлі-зайыпты арасында түсініспеушілік орын алған.

Алайда уақыт өте келе жас ата-ана бұл мәселені шешіп, қазіргі уақытта қарым-қатынасы жақсарған.

"Отбасыма барынша көңіл бөлуге тырысамын. Біз көп ұрысып қалатынбыз. Менің келіншегім ғана сондай деп ойлайтынмын. "Маған көңіл бөлмейсің, үйде отырып қалдым" деп көп айта беретін. Бір айда 10-15 рет түрлі жаққа барып қайтады, шетелге шығады. Сонда да үйде отырып қалдым деп айтады ғой. Үйленген дос балаларымның үйінде де сондай жағдай екен. Мен жұмысыммен таңға дейін сценарий дазып отырып қаламын. Бізге дедлайн қояды, соған үлгеру керек.

Басқа да жобаларымның сценариі бар. Instagram парақшам мен Youtube каналыма да материал салу керекпін. Одан бөлек жарнамалар, түсірілімдер болады. Соның барлығы кейде қарбаласып кетеді. Шаршап кетемін. Шын мәнінде осының барлығын әйелім мен қызым үшін жасап жүрмін ғой. Соны түсіндіре алмай кететін кездерім болады. "Сен сыртқа қыдырып жүресің, мен үйде отырып қалдым" деп ренжиді. Өзім уақыт таба алмай, шаршап жүргенде үйде осындай көңіл-күймен күтіп алғанда қырылып қаламыз. Мен одан қолдау күтемін. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы. Түсінісіп келеміз", - деді блогер "Taboo" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079344-uide-otyryp-qaldym-dei-beredi-medetzan-zanabai-aielimen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/

pixel