"Сүйікті әншім": 53 жастағы Толқын Забирова көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова әлеуметтік желіде жаңа суретін жариялады. Желі қолданушылары 53 жастағы өнер иесінің сұлулығына таңғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"04.04.24, керемет. Үйлесім тапқан сандар. Ал сіздер санның сиқырына сенесіздер ме?", – деп жазды Забирова Instagram-дағы парақшасында.
Суретте әнші ақ түсті көйлек пен көк түсті жакет және қара түсті шалбар киген.
Желі қолданушылары Забированың сұлулығына таңғалып, жарыса пікір қалдырды.
"Қандай сұлусыз?", "Білімді, сауатты әнші", "Дауысыңыз ерекше", "Сүйікті әншімсіз", "Сізді жақсы көреміз", – деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші 26 жыл отасқан күйеуін көпшілікке көрсеткен болатын.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Толқын Забирова мен күйеуі үш ұл тәрбиелеп отыр.
"Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды. Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан - өнер жолы... Ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Аттарын атамай-ақ қояйын, өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Адамгершілігі, жанының тазалығы, кең жүрегі болмаса, мен жанынан табылар ма едім?...", - деген болатын Забирова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079581-suiikti-ansim-53-zastagy-tolqyn-zabirova-kopsilikti-sululygymen-tangaldyrdy-foto/