Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батыс үшін алаңдаулымыз": Балжан Бидаш қиын жағдайға тап болған халыққа қолдау білдірді

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш елімізде орын алған су тасқынына қатысты ойын айтып, зардап шеккен отандастарына қолдауын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Балжан Бидаш табиғат апатына қатысты пікір білдіріп, Батыс Қазақстан үшін аса қатты алаңдаулы екенін жеткізді.

"Қазір бәріміз батыс үшін алаңдаулымыз. Зардап шеккен халықымыз тезірек орнына келіп, көңілдері дұрысталса екен. Елімізде тыныштық, халқымыз бақытты, тек нұрлы күндер болсын. Атырау, Ақтөбе, Орал, Солтүстік облыстар, су алған аймақтар біз сіздермен біргеміз", - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Нұрболат Абдуллин де су тасқынына қатысты ойын айтып, зардап шеккендерге тиісті жағдай жасалмай жатқанына шүйлікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080676-batys-usin-alandaulymyz-balzan-bidas-qiyn-zagdaiga-tap-bolgan-xalyqqa-qoldau-bildirdi/

pixel