"Үйі біткенше не істейді": Нұрболат Абдуллин зардап шеккен халықты қонақүйге орналастыруды ұсынды (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Нұрболат Абдуллин су тасқынынан зардап шеккен халықтың қонақүй мен демалыс орталығына емес, мектепке орналасып жатқанына наразылық білдірді. Өнер иесі табиғи апат салдарынан дүние-мүлкінен айырылғандар үйі салынып біткенше қалай күн көретініне алаңдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Су астында қалған ағайындар жаппай мектепке орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Үйі салынып біткенше не істейді? Омыраудағы бала, ата мен әжелерге қиын.
Табиғи апат қауіпі бар болсын, жоқ болсын эвакуация пункті салынуы міндетті деп ойлаймын. Азаматтық жеке ойым", – деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.
Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.
Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080532-uii-salynyp-bitkense-ne-isteidi-nurbolat-abdullin-su-tasqynynan-zardap-sekken-xalyqty-qonaq-uige-ornalastyrudy-usyndy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.